Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер жыл басынан бері 3 тоннадан астам есірткі затын тәркіледі

Жамбылдық полицейлер жыл басынан бері 3 тонна 248 келі есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 10 айында есірткі қылмысының 630 дерегін, оның ішінде есірткі өткізудің 118 дерегін, аса ірі көлемде сақтаудың – 59, есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзудың 1 дерегін, қылмыстық теріс қылықтың – 409, есірткі құралдарын контрабандалаудың 18 дерегін және есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 22 дерегін, бұталарды жоюдың 582 дерегін анықтады.

Заңсыз айналымнан 3 тонна 248 келі есірткі заты алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 280 келіге артық. Атап айтқанда, 105 келіден астам гашиш, 1 келі 35 гр героин және 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

⁃ Сонымен қатар, жер жырту, шабу және өртеу арқылы 112 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 62 тоннаға жоғары. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – деді Жамбыл облысы Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру