Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдықтан 1 келіден астам гашиш тәркіледі

Жамбылдық полицейлер облыс тұрғынынан 1 келіден астам гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 21 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылының 44 жастағы тұрғынын ұстады, одан жалпы салмағы 1 келі 200 грамм “гашиш” есірткі заты табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру