Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдықтар 91 қару-жарақты өз еркімен тапсырды

Жамбылдықтар 91 қару-жарақ бірлігін өз еркімен тапсырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында тіркелмеген атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды халықтан сатып алу бойынша акция жалғасуда. Бұл шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және заңсыз айналымдағы қару-жарақты азайту.

Азаматтар заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар тапсырылған қарудың техникалық жай-күйіне қарай әр қару бірлігі үшін ақшалай сыйақы қарастырылған.

21 сәуірден бері облыс тұрғындары барлығы 91 қаруды ерікті түрде тапсырды. Оның ішінде 13-і ойық ұңғылы, 78-і тегіс ұңғылы қару.

Қазіргі таңда тапсырылған қаруға баллистикалық сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысынан кейін тиісті ақшалай өтемақы тағайындалады.

Азаматтар қару мен оқ-дәрілерді облыстық және аудандық Полиция бөлімдеріне тапсыра алады. Полиция департаменті тұрғындарға заңсыз сақталған қару-жарақты ерікті түрде тапсырудың қылмыстық жауапкершіліктен босататынын еске салады. Ал керісінше, анықталған жағдайда ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру