Жан жылуын сыйлаған ән: шенді ару ұстазына алғысын білдірді
Жетісу облысында шенді ару ұстазына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық қарттар күніне орай және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Панфилов ауданында ерекше әрі жүрекке жылы тиетін акция өтті. Панфилов ауданы полиция бөлімі, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының аға инспекторы Алия Қалиасқарова заңға қызмет ету мен шығармашылық шабыттың үйлесімді қатар жүруі мүмкін екенін еске салды.
Қызметтен бос уақытында Алия өзін-өзі дамытуға көңіл бөледі: ағылшын тілін үйреніп, фортепианода ойнайды. Осы мереке күні ол өзіне музыкадан тәлім берген ұстазына алғыс білдіруді жөн көрді. Ұстазы мен әріптестеріне ол ұлы Абай Құнанбайұлының ең танымал шығармаларының бірі – терең философия мен жылылыққа толы "Көзімнің қарасы" әнін орындады.
Полиция қызметкерлері форманың артында тек күш пен тәртіп қана емес, сонымен бірге жүрек жомарттығы мен өнерге сүйіспеншілік бар екенін тағы бір дәлелдеді. Мұндай мерекелер – бізге қолдау көрсетіп, сенім мен білім берген жандарды еске алуға жақсы мүмкіндік.
