"Жаңа өмірге жол": Қостанайда сотталғандарды қолдауға арналған жоба басталды
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қостанай облысының прокуратурасымен бірлесіп "Жаңа өмірге жол" жобасын әзірледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Бастама бостандыққа шығуға дайындалып жатқан сотталғандарды қолдауға арналған. Бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету және оларға бостандықтағы өмірге бейімделуге көмектесу қадамы.
Жоба Қостанай қаласының № 38 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жоба негізінде ұйымдастырылады.
Жобаның тұсаукесері мен іске қосылуына орай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының, нотариустар мен үкіметтік емес ұйымдардың, Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Академиясының, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
"Жаңа өмірге жол" жобасы сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің тағы бір құралы болмақ.