Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жаңа өмірге жол" жобасы: Қостанай облысында кеңес өткізілді

"Жаңа өмірге жол" жобасы: сотталғандарға босату жолында көмек көрсету, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті "Жаңа өмірге жол" жобасын әзірледі. Бастама бостандыққа шығуға дайындалып жатқан сотталғандарды қолдауға арналған. Бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету және оларға бостандықтағы өмірге бейімделуге көмектесу қадамы.

Жоба Қостанай қаласының № 38 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сынақтан өтеді.

Жобаның тұсаукесері мен іске қосылуына орай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының, нотариустар мен үкіметтік емес ұйымдардың, Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Академиясының, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.

"Жаңа өмірге жол" жобасы сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің тағы бір құралы болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру