Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа оқу жылы: Алматы полициясы ата-аналар жиналысын өткізді

Алматы полициясы ата-аналар жиналысын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақсатты аудитория – мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың ата-аналары. Бұл күндері балалардың, әсіресе бірінші сынып оқушыларының қауіпсіздігіне баса назар аударылуда.

– Балалар – біздің болашағымыз, сондықтан олардың өмірі мен денсаулығына ештеңенің қауіп төндірмеуі өте маңызды. Ал жол қауіпсіздігін сақтау маңызды болып қала беретіндіктен, бала кішкентай кезінен бастап жолда жүру ережелерін және көшеде өзін-өзі қалай ұстауды білуі керек. Мектеп оқушылары үшін жол қозғалысы ережелері туралы бояғыш кітаптар, буклеттер, жадынамалар әзірленді. Барлық сайыс пен сұрақ-жауап ойын түрінде өтеді. Жоспарланған іс-шаралар аясында балалардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдылары қалыптасады. Құрметті ата-аналар! Балаларға жолда қауіпсіз жүрудің маңыздылығын күн сайын ескертіп отыру қажет, – дейді Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Еділхан Байғараев.

Спикердің айтуынша, ересектер балаларға өз үлгісімен іс-әрекеттің дұрыс үлгісін көрсетуі керек.

– Балаңызбен бірге үйден мектепке және мектептен үйге қайту жолымен жүріңіз және оны дұрыс жасаңыз, әр әрекетіңізге оған қол жетімді пішінде түсініктеме беріңіз. Сондай-ақ ұлыңызға немесе қызыңызға қоғамдық орындарда қауіпсіз іс-әрекет және ықтимал қауіптер туралы айтыңыз. Біз тек бірлесіп, бүкіл қоғам ретінде әрқашан және барлық жерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, – деді Еділхан Байғараев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру