Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа оқу жылы: Ақтауда мектептердің қауіпсіздік деңгейі тексеріліп жатыр

2025-2026 жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау қаласында мектеп маңындағы аумақтарды абаттандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қолға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әсіресе білім беру ұйымдары жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдерін ретке келтіруге баса назар аударылуда. Жол бөлігінде жолақтар жаңартылып, жаңа жол белгілері орнатылып, ескілері ауыстырылуда.

Оқушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында мектеп аумағына кіреберістер мен қоршаулардың жағдайы тексерілуде. Зақымданған тұстар қалпына келтіріліп, аумақтың тазалығы мен реті қамтамасыз етілуде.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының басшыларына аумақты жыл бойы тиісті деңгейде ұстау бойынша ұсыныстар берілді. Оған сыртқы жарықтандырудың жұмысын бақылау және аумақты уақытылы тазалау жатады.

Жүргізіліп жатқан шаралар оқушыларға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, жаңа оқу процесінің сәтті басталуына бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру