Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа оқу жылы: Маңғыстауда полицейлер күшейтілген қызмет режиміне көшті

Жаңа оқу жылы: Маңғыстауда полицейлер күшейтілген қызмет режиміне көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйектен бастап Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жаңа оқу жылының басталуына орай балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет тәртібіне көшті.

Өткен жылдағы тәжірибе бойынша сағат 07:00-ден 08:30-ға дейін, түскі уақытта және кешке патрульдік полиция қызметкерлері мектептер маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде кезекшілік етеді. Олар балалардың мектепке бару және қайту кезінде жолды қауіпсіз кесіп өтуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар қаланың және облыстың барлық мектебінде полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғановтың бұйрығымен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер және басқарма басшылары бекітілді.

— Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі – менің жеке бақылауымда. Оқу жылы басталмас бұрын бірнеше мектепті өзім аралап, әрбір оқу орнына нақты қызметкерді бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Балаларымыздың қауіпсіздігі – басты міндетіміз, – деп атап өтті ПД бастығы.

Полицейлер күнделікті оқушылармен және ата-аналармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектептердің айналасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асырады.

Бұл шаралар өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру