Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа оқу жылы: Жетісуда мектептер мен балалар үйінің дайындығы тексерілді

Жаңа оқу жылының қарсаңында Жетісу облысының бас полицейі Талдықорған қаласында облыс әкімі аппараты мен білім басқармасының басшылығымен бірге бірқатар білім ордасына барып, қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеріс барысында №1 Абай атындағы мектеп, №11 Есжан Берліқожаұлы атындағы орта мектеп және "Айналайын" балалар үйі қамтылды. Негізгі назар оқушылардың қауіпсіздігіне аударылды. ПД басшысының айтуынша, балалар – елдің болашағы, ал заңға құрметпен қарау мен Заң мен тәртіпті сақтау заманауи әрі қауіпсіз қоғамның негізін қалыптастырады.

Мектептер мен балалар үйінің техникалық жарақтандырылуы да жіті қадағаланды. "SOS" дабыл түймелерінің жұмысы, бейнебақылау камераларының, турникеттердің және басқа да қорғаныс құралдарының тиімділігі тексерілді. Бұл шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оқу ордаларында барынша қорғалған орта құруға бағытталған. Әкімдік пен білім басқармасының өкілдері де балалардың қауіпсіздігі – бірінші кезектегі міндет екенін атап өтіп, мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы жаңа оқу жылын жоғары деңгейде әрі қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру