Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа телефон аламын деген Шымкент тұрғыны алаяққа алданып қалды

Шымкент тұрғыны IPhone телефонын аламын деп Түркістандық азаматқа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

9 қаңтарда сағат кешкі 18:20 шамасында Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне 20 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында Instagram әлеуметтік желісі арқылы Iphone 13 Pro Max телефонын сатып алу үшін интернет-дүкенге алдын ала құнын төлеп, әлі күнге дейін бренд маркалы телефонды ала алмай, не қаражатын қайтара алмай жүргенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 320 мың теңге. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні бір тәулік ішінде Түркістан қаласының аумағынан қолға түсірді. Күдіктінің 28 жастағы жұмыссыз, бұрын-соңды істі болмаған Түркістан тұрғыны екені анықталды.

Қазіргі күні күдікті өзінің теріс әрекетін толық мойындады. Заңсыз әрекетке оңай жолмен ақша табу мақсатында барғанын және бұл ісі үшін өкінетіндігін жеткізді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру