Жаңа жыл қарсаңында СҚО полицейлері ведомствоның техникалық қызметкерлерін қолдады
Жаңа жыл қарсаңында СҚО полицейлері ведомствоның техникалық қызметкерлерін қолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері салтанатты іс-шараны жаңа форматта өткізді. СҚО ПД басшылығы келе жатқан Жаңа жылмен тылдық бөліністердің қызметкерлерін: санитарларды, жүргізушілерді, қызметтік үй-жайларды тазалаушыларды және департаменттің басқа да техникалық қызметкерлерін құттықтады.
ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов аяқталғалы тұрған жылда солтүстікқазақстандық полицейлердің өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау бойынша қойылған барлық міндеттерді абыроймен орындағанын, қызмет барысында жоғары көрсеткіштерге, реформаларды іске асыруда жақсы жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.
– Сіздердің күнделікті тынымсыз еңбектеріңіз департаменттің құрамындағы басқа қызметтердің тоқтаусыз жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Бұл – баршамызға ортақ ұғым “тәртіптің” сақталуына қосып жүрген үлестеріңіз. Осы қажырлы еңбектеріңіз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз, – деді ведомство бастығы.
СҚО ПД Мәдени орталығындағы вокалдық топтың концерті тылдық қызметкерлер үшін мереке қарсаңындағы ерекше сыйлық болды. Дарынды шығармашылық ұжым танымал эстрадалық хиттерді орындады, тыңдаушылар өз кезегінде қошеметтерін жаудырды.
Концерт соңына таман еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер марапатталды. “Сезімтал жүрек, сиқырлы қолдар” дипломын “СҚО Полиция департаментінің емханасы бар госпиталі” мекемесінің санитарлық қызметшісі Нұргүл Жұқыбаева, “Нағыз қайырымды мейірбике” аталымы бойынша дипломды оның әріптесі, осы мекеменің стационарының мейірбикесі Наталья Лаер алды. Автошаруашылық жүргізушісі Марат Козин “Ең тәртіпті жүргізуші” болып танылды. Тазалыққа жауапты Жайнагүл Нұрмағамбетова “Тазалық патшайымы” атанды, ал СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аударма жөніндегі редакторы Алмара Әшімоваға “Өз ісінің шебері” дипломы табысталды.