Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа жыл қарсаңындағы қауіпсіздік: Абай облысында рейдтік шаралар күшейтілді

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Абай облысында өрт және қоғамдық қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, пиротехникалық бұйымдардың айналымына бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде өрттің және түрлі төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шаралары жүзеге асырылуда. Жаңа жылдық шыршалар орнатылғаннан кейін іс-шаралар басталардан бір күн бұрын қайтадан бақылау тексерістері жүргізіледі.

https://youtube.com/shorts/tMHaSGBYO78?feature=share

– Бірінші кезеңде, 5-20 желтоқсан аралығында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 20 желтоқсаннан бастап рейдтік кезең басталды. Сонымен қатар өңірде 52 рейдтік топ құрылып, 159 рейдтік іс-шара өткізілді. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде ғана жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Абай облысының аумағында пиротехникалық бұйымдарды сату және қолдану бойынша лицензиясы бар небәрі үш заңды тұлға тіркелген. Олардың қатарында "Казахстан-Салют" ЖШС, "Company-M" ЖШС және "Saida Company" ЖШС бар. Бөлшек саудаға тек өрт қауіпсіздігі талаптары қатаң сақталған жағдайда, мамандандырылған сауда нысандарында ғана рұқсат етіледі қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Ержан Ақбаев кеңінен тарқатты

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру