Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тәртіп сақшылары өңір тұрғындарының тыныштығын тәулік бойы күзетті

Жаңа жыл түні ШҚО-да қауіпсіздік күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл мерекесін атап өту кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Полиция қызметкерлері жолдарда және қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіз жүріс-тұрысын қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырып, "102" жедел арнасына келіп түскен барлық хабарламаларға жедел әрекет етті. Қызмет барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде қажетті кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2025 жылғы 31 желтоқсанда полицияның "102" жедел арнасына 520 хабарлама келіп түсті. Оның ішінде 2026 жылғы 1 қаңтар күні сағат 00:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында 181 өтініш тіркелген. Қоңыраулардың басым бөлігі ақпараттық және кеңес беру сипатында болып, азаматтар қоғамдық тәртіп, жеке қауіпсіздік және жол қозғалысы мәселелері бойынша түсініктемелер алды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті тұрғындарға жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтаудың және мереке күндері заң талаптарына сай, жауапты мінез-құлық танытудың маңыздылығын еске салады. Қауіпсіздік — әр азаматтың өз қолында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру