Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңадан танысқан бойжеткеннің телефонын жымқырған астаналық қолға түсті

Астанада полицейлер түнгі таныстықты өз пайдасына пайдаланбақ болған 27 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті әйелмен елорданың түнгі клубтарының бірінде танысқан. Әңгімелері жарасып, кешті қонақүй нөмірінде жалғастыруды ұйғарған. Алайда әйел адам ұйықтап қалған сәтте, ер адам оның жеке заттарына қол жеткізіп, бағасы 700 мың теңгеден асатын ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Жоспары қарапайым болған: ешкімге байқатпай кетіп, пайда табу. Алайда бейнебақылау камералары мен полицияның жедел әрекеті оның "ұрлап, жоқ болу" жоспарын іске асыртпады.

Күдіктінің жеке басы анықталып, ол қолға түсті.

Ұрланған телефон табылып, иесіне қайтарылды.Күдікті ұрланған құрылғыны келесі күні кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген.

Алайда ұзаққа бармады: жәбірленуші полицияға шағым түсіріп, оның түр-әлпетін сипаттап берген. Көп ұзамай күдікті қала көшелерінің бірінде ұсталды.

Полиция азаматтарға өз мүлкіне мұқият болуды, әсіресе бейтаныс ортада қымбат заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру