Жаңаөзен тұрғынынан 508 кг бекіре балығы тәркіленді
Жаңаөзенде жергілікті тұрғыннан бекіре балығы тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- ІІМ "Заң мен Тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастыруда. "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.