Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзенде полицейге пара бергені үшін ер адамға жарты миллион теңге айыппұл салынды

Жаңаөзенде полицейге пара бергені үшін ер адамға жарты миллион теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлікпен тыйым салынған бағдаршам түсіне жүріп өткен жүргізуші полиция қызметкерінің назарына ілікті. Заңсыздық ресми түрде ресімделмеу үшін ол тәртіп сақшысына пара беруді ұсынып, оған үлкен айыппұлға айналды.

Белгілі болғандай, тәртіп бұзушы екі мың теңгемен мәселені шешіп тастағысы келген. Бейнетіркегішке жазылып жатқандығы туралы полицейдің ескерту жүргізушіні тоқтатпады және ол қызметтік автокөлікке жолаушылар орнының арасына ештеңеге қарамастан қойды. Полиция қызметкері болған оқиға туралы тиісті органдарға баяндап, ер адамды жауапкершілікке тартты.

Сот талқылауы ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша “Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі” жүргізілді.

Жаңаөзен қаласының әкімшілік сотымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК немесе 555 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру