Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзенде Ұлттық ұланның жас сарбаздарына жауынгерлік қару табысталды

Жаңаөзенде Ұлттық ұланның жас сарбаздарына жауынгерлік қару табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңаөзен қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінде жас сарбаздарға жауынгерлік қару табыстау мақсатында арнайы іс-шара өткізілді. Өткізілген салтанатты шараға әскери бөлім офицерлері мен сержанттары белсене қатысты. Іс-шара барысында әскери бөлім командирі Марат Нұрмұратов жас сарбаздарды құттықтап, ақыл-кеңесін айтты.

– Құрметті жас сарбаздар, күні кеше ғана ант қабылдап, бүгін міне қолдарыңызға қару ұстағалы тұрсыздар. Барлығыңыз білетіндей, Ұлттық ұлан, ең алдымен азаматты, қоғамды, құқықтар мен тыныштықты сақтаған еліміздің мызғымас тірегі. Алдағы уақытта сіздер өздеріңізге бекітілген қарумен анттарыңызға адал болып, жауынгерлік қызмет атқаратын боласыздар. Ел тыныштығы мен өркендеуі сіздердің қолдарыңызда. Сіздерге алдағы қызметтеріңізге толағай табыс пен бейбіт аспан тілеймін. Қолдарыңызға берілген қаруды тек оқу-жаттығу мақсатында қолдануларыңызға тілектеспін, – деді Марат Нұрмұратов.

Жас сарбаздарға жауынгерлік қаруды табыстау шарасы аяқталған соң, қарудың атау мен нөмірлері және де берілген күні отан қорғаушылардың әскери билеттеріне жазылды. Алдағы уақытта сарбаздар Жаңаөзен қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқаратын болады.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру