Жаңаөзенде велосипед ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды
Жаңаөзенде полиция қызметкерлері
велосипед ұрлады деген күдікпен 47 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселен, 2021 жылғы 25 шілдеде Жаңаөзен қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторына
жергілікті тұрғын жүгінді.
Арызданушының айтуынша, белгісіз адам оның үйінің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кеткен. Залал сомасы 35 мың теңгені құрады. Сонымен қатар қаскүнемнің әрекеттері бейнебақылау камерасына түскен.
Күдікті өз әрекеттерін мойындады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу мүддесіндегі өзге ақпараттар жария етілмейді.