Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жақсылық жасамақ болған елордалық күзетші телефонынан айырылып қалды

Астанада жақсылық жасамақшы болған күзетшінің телефоны ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телефон ұрлады деген 30 жастағы күдіктіні анықтады.

Тергеу барысында 58 жастағы жәбірленушінің жеке ұйымда күзетші болып жұмыс істейтіні анықталды. Көшеде бір жас жігітпен танысқаннан кейін, ол қаңғып жүрген адамға көмектеспекші болып, ұрыны жұмысындағы күзетшілерге арналған үйшікке кіргізген.

Қаскүнем таңертең күзетші ұйықтап жатқанда, куәгерлердің жоқтығына көз жеткізіп, еркін қол жеткізу арқылы Samsung Galaxy телефонын және өтініш берушінің жеке куәлігін ұрлап, қылмыс орнынан қашып кекен. Осылайша 100 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру