Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жәрдемақы алып беремін»: арыстық тұрғын алаяқтың арбауына түсіп қалды

Мемлекеттен млн теңге жәрдемақы алмақ болған арыстық тұрғын алаяқтың арбауына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Арыс АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы шағым түсірді. Тұрғынның айтуынша, оның үйіне бейтаныс адам келіп, босануға байланысты мемлекеттен берілетін жәрдемақыны еселеп алып беретінін ұсынған. Өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырған келіншек қызметі үшін 450 мың теңгені санап алған. Бар ақшасын санап берген жәбірленуші уәденің орындалуын 6 ай күткен. Ақыры алданғанын түсініп, ақшасын қайтарып алу мақсатында полицияға арызданған.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде жәбірленушіге мемлекеттен миллион теңге жәрдемақы алып беремін деп алаяқтық жасаған күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын, яғни жас келіншек болып шықты. Тексеру кезінде күдікті әйелдің бұдан басқа осындай алаяқтықтың екі жайтына қатысы бары расталды. Жалпы тұрғындарға келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеге жуық.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру