Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жарылыс болғанға дейін полиция жанып жатқан жүк көлігінен 3 адамды шығарып үлгерді

«Алматы-Қордай» тас жолындағы жол-көлік оқиғасы орын алып, полицейлер үш адамды ажалдан алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полицейлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адамдарды жанып жатқан жүк көлігінде жарылыс орын алмай тұрып, бір минут бұрын шығарып үлгерген.
Естеріңізге сала кетейік, 27 мамыр күні Алматы-Бішкек автожолында «Toyota Land Cruser-100» автокөлігі мен «Mersedes Benz-817» маркалы жүк көлігі соқтығысқан. ЖКО нәтижесінде, екі автокөлік жанып, бір адам қаза тапты. «Алматы-Бішкек» автожолының 137 шақырымында болған апат орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері жүк көлігінің жалынынан жүргізуші мен екі жолаушыны құтқарып қалды.


27 мамырда патрульдік полиция батальоны экипажы құрамындағы аға лейтенант Ардақ Ерузаков пен лейтенант Диас Кебеков сағат 23.10 шамасында «Алматы-Бішкек» автожолынан батысқа қарай үш шақырым жерде орын алған апат туралы хабар алып, оқиға орнына жеткен.

– Жанып жатқан көліктерді көріп, тәртіп сақшылары ойланбастан адамдарды құтқаруға кіріскен. Олар жүк көлігінің жүргізушісі отыратын жаққа жете алмаған, себебі жеңіл автокөлікті ораған жалын жүк көлігіне де жеткен. Көлік кабинасында қалып қалған жаралы жүргізуші мен екі жолаушы өздігінше автокөліктен шыға алмаған. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан табылған екі азаматпен бірге, деформацияланған жолаушы есігін қолдарымен қыспақтан шығарып, алдымен екі жолаушыны, содан кейін жүргізушіні сыртқа шығарған. Жүргізушіні құтқару біраз қиындық тудырған, себебі оны қауіпсіздік белдіктерінен босатуға тура келген. Зардап шеккендердің барлығы эвакуацияланған кезде, жеңіл автокөліктің газ баллоны жарылып, жүк көлігінің кабинасына толық отқа оранған. Ал дәл сол жерде бір минут бұрын ғана адамдар болған, – дейді Алматы облысы ПД Жол-патрульдік полиция батальонының командирі Искаков.

Оқиға орнына жеткен ТЖ өкілдері зардап шеккен адамдарды жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізді.

– Өкінішке орай, «Toyota Land Cruser-100» автокөлігінің жүргізушісі Жамбыл облысының 67 жастағы тұрғынын құтқару мүмкін болмады. Осыған орай, басшылық пен жеке құрам атынан жақындарына қайғыра көңіл айтамыз, – деп толықтырды Искаков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру