Жас фотографтардың көзімен бақытты балалық шақ
Алматыда полиция қызметкерлері балаларының фотосуреттер сайысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында, сондай-ақ, Алматы қаласы полиция қызметі мен бөлімшелері қызметкерлері арасында идеологиялық және тәрбиелік жұмыс жүргізу мақсатында, «Бақытты балалық шақ» тақырыбында полиция қызметкерлері балаларының фотосуреттерінің сайысы өткізілді.
Қазылар алқасы қызметкерлердің балаларының ең жақсы фотосуреттерін келесідей номинациялар бойынша марапаттады:
“Сәтті кадр” номинациясы:
-Медеу аудандық ПБ, Медеу аудандық ПБ Штаб инспекторы, полиция аға лейтенанты Биболатова Айжан Сәбитқызының балаларының фотосуреттері;
– ПД ЖӘАЖ, ПД ЖӘАЖ ротасының командирі, полиция майоры Буданов Ерлан Сайлаукенұлының қызының суреті.
“Балалар табиғат аясында” номинациясы:
-Түрксіб аудандық ПБ, Түрксіб аудандық полиция Басқармасы кеңсесінің жетекші маманы Жексенбаева Аида Төлеуқызының ұлының фотосуреті;
– Жетісу аудандық ПБ, ОКО бастығы, полиция подполковнигі Васильева Светлана Викторовнаның қызының суреті;
– ПД ЖӘАЖ, ПД ЖӘАЖ ротасының командирі, полиция майоры Намазов Серікжан Жамалиұлының ұлының суреті.
Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.