Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас инспекторлар сап түзеді: ІІМ-де ерекше кездесу өтті

Ішкі істер министрлігінің ғимаратында қозғалыстың жас инспекторларымен ерекше кездесу өтті. Оқушылар өздерінің саптық дайындықтарын паш етіп, құқықтық мәдениетті насихаттаудағы белсенділіктерін көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында жас инспекторлардың саптық жүрісін ведомствоның әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаев тамашалады. Ол балаларға жоғары баға беріп, болашақта еліміздің құқық қорғау саласына үлес қосатын жастардың өсіп келе жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

— Сіздер қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып келесіздер. Әрқайсыңыздың бойыңыздағы жауапкершілік — біздің ортақ қауіпсіздігіміздің кепілі. Ақ жол тілеймін! – деді Қайсар Сұлтанбаев.

Бұл кездесудің мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықтық сана мен тәртіп дағдыларын дамыту, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен тығыз байланысты нығайту.

Айта кету керек, елімізде 5 мыңға жуық қозғалыстың жас инспекторларының отряды бар. Онда 70 мыңға жуық бала жол жүрісі қағидаларын жетік меңгереді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру