Жас криминалистің қызметтегі кәсіби жетістіктері
Мақаншы аудандық полиция бөлімінің аға криминалисі Бағжан Жанымжанова криминалистика саласындағы жұмысын өмірлік мақсат ретінде қабылдайды. Ол өз ісінде әрбір ұсақ детальдің маңызды екендігін түсініп, әділдік орнау үшін тергеудің дәлдігі мен жауапкершілігін талап ететін маман. Ендеше үлгілі полиция қызметкері туралы Polisia.kz сайтынан оқыңыздар.
Полиция лейтенанты Бағжан Жанымжанова – Мақаншы аудандық бөлімінің аға криминалисі. Жас болса да, тәжірибелі маман, ол осы саланы саналы түрде таңдап, ҚР ІІМ-нің бейінді жоғары оқу орнын тәмамдады. Оның қызметі тергеулер, сараптамалар мен зерттеулерді қамтиды, мұнда әрбір ұсақ деталь қылмыстың ашылуына ықпал ете алады.
Қылмыс орнынан зертханаға дейін айғақтар нақты дәлелдерге айналады. Логика, аналитикалық қабілет пен ұқыптылық қылмыстарды ашуға және әділдікті қалпына келтіруге көмектеседі.
Алайда полиция формасының артында тек кәсіби маман ғана емес, қарапайым адам да тұр. Бағжан – жігерлі, мақсатшыл және ата-анасының сүйікті қызы. Бос уақытында жақындарымен бірге уақыт өткізуді, спортпен айналысуды және өзін-өзі дамытуды ұнатады.
– Мен үшін криминалистика – тек мамандық емес, өмірлік іс. Күн сайын мен маңызды тапсырмалармен бетпе-бет келемін, мұнда әрбір деталь маңызды, менің талдауым мен дәлдігім тергеудің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Криминалистің жұмысы терең біліммен қатар, шыдамдылықты, ұқыптылықты және жауапкершілікті талап етеді. Біз тек айғақтарды жинап қана қоймай, шындықты қалпына келтіреміз, әділеттілікті орнатамыз, әлемді қауіпсіз етеміз. Мен қылмыспен күреске өз үлесімді қоса алатыныма мақтанамын. Криминалист болу – өздігінен сөйлей алмайтын фактілердің тілі арқылы шындықты жеткізу. Криминалистика – бұл тек жұмыс емес, бұл – өмірлік ұстаным, – деп Бағжан өз мамандығына деген көзқарасымен бөлісті.