Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас курсанттар жүргізушілерге жолда қауіпсіздік сақтаудың маңыздылығын түсіндірді

Жас курсанттар жүргізушілерге жолда қауіпсіздік сақтау маңызын еске салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Назар аударыңыз, балалар!" акциясы аясында Тереңкөл ауылында Фарид Какабаев атындағы кадет сыныптарының тәрбиеленушілері жол қозғалысы ережелерін насихаттау мақсатында жүргізушілермен кездесулер өткізді. Жас курсанттар көлік жүргізушілерін жол ережелерін мүлтіксіз орындауға, әсіресе кішкентай жолаушыларды тасымалдау кезінде арнайы балаларға арналған автокреслоларды пайдалануға шақырды.

Сонымен қатар жас тәртіп сақшысы болуға ұмтылған оқушылар жүргізушілерге көлік құралын абай басқару, жылдамдықты шектен асырмау, мас күйде рөлге отырмау, қауіпсіздік белдігін тағу және жаяу жүргіншілер өткелінде жылдамдықты төмендету қажеттілігі туралы ескертіп, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға үндеді.

Жол үстіндегі кездесулер кезінде жүргізушілер жас кадеттердің үндеуін ықыласпен қабылдап, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және қауіп-қатердің алдын алуға уәде берді.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, мұндай бастамалар жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып қана қоймай, жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруда да үлкен рөл атқарады.

– Жолда әр адамның өмірі маңызды. Сондықтан әр жүргізуші өз жолаушыларының ғана емес, жалпы жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс, – деп атап өтті Ертіс өңірінің полицейлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру