Жас патриоттар полиция департаментінде болды
Қостанай облысында жас ұрпақты патриоттыққа баулу мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бүркіт» отрядының полиция көмекшілері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Ермек Барамбаевпен бірге мұражайға барды.
Полицияның жас көмекшілері соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.Мысалы, «102» жедел басқару орталығына күн сайын 450-ге жуық хабарлама келіп түседі.
Былтыр бейнебақылау камераларының көмегімен 124 қылмыс ашылып, 31 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
ЖБО залында балаларға «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешенінің жұмысы ұнады, оның көмегімен мемлекеттік көлік нөмірін жаза отырып, өз ата-аналарының машиналарындағы әкімшілік айыппұлдарды тексерді.Сондай-ақ, экран арқылы қаланы бақылап отырды.
-Біз полиция департаментіне екінші рет келдік. «Бүркіт» отрядының жас полиция көмекшілері өз қатарына жаңа оқушыларды іріктеуді жалғастыруда. Біз әр жолы осындай қызықты экскурсияларды ұйымдастыруға тырысамыз.Балаларға полицейлердің қалай жұмыс істейдіндігі шынымен де қызықты,-деп мәлімдеді учаскелік полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Қашар полиция бөлімінің полиция капитаны Ермек Барамбаев.
Бұдан кейін жас полицейлер үшін мұражай бойынша экскурсия өткізілді. Онда ішкі істер органдарының қалыптасу тарихы көрсетілді.Қазақ хандығынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарих көрсетілді. Сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде көз жұмған Ғазиз Байтасов пен Медет Досымхановтың құрметіне арналған Ерлік бұрышын да көрді.
«Бүркіт» командирінің көмекшісі Александра Радзевич полиция департаментіне келгеннен кейін ішкі істер органдарына қызметке қызығушылық танытты.
– Барлығы өте қызықты болды. Мен полицияның қалай жұмыс істейтінін бірінші рет көрдім. Департамент тарихына қатысты да ақпараттар алдым.Мұндай экскурсиядан кейін бұл мамандыққа деген қызығушылығым екі есе артады, – дейді жас полиция көмекшісі.
Бұдан бұрын Рудный қаласы ІІБ бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген полиция полковнигі Ербол Шушақов «Бүркіт» патриоттық клубымен жақсы таныс.Ербол Шушаков қазір Қостанай облысы ІІД КҚПБ-да жұмыс істейді. Ол «Бүркіт» отрядының жас полиция көмекшілерін қарсы алып, оларға болашақта сәттілік тіледі.
-Мен осы тамаша клубпен жеке таныспын. «Бүркіт» отрядының балалары шынымен ақылды және талантты. Олар барлық қоғамдық іс-шараларға және өз құрдастарын тәрбиелеуде белсенділік танытады.Оларды тек облыста ғана емес, одан тыс жерлерде де біледі. Көптеген республикалық байқауларға қатысып жүр, – дейді полковник Ербол Шушаков.
Шара соңында полицияның жас көмекшілері полицейлерге қызықты экскурсия үшін алғыс айтып, музей және ЖБО қызметкерлеріне өз блокноталарын сыйға тартты.