Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас сақшылардың бір күні: интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары

Атырау қаласындағы Береке орта мектебінің кадет сыныбы оқушыларынан құралған жас сақшылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ құқықтық сауаттылықты арттыруға, тәртіпті нығайтуға, қоғамға пайдалы істермен айналысуға атсалысады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кадет сыныбы жасөспірімдердің бойында тәртіп, жауапкершілік, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған. Бүгін жас сақшылар интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырумен күндерін бастады. Олар мектеп оқушылары мен қала тұрғындарына интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, қарапайым, бірақ маңызды кеңестер берді. Сонымен қатар ақпараттық парақшалар таратып, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сақ болу керектігін ескертті.

Түстен кейін жас сақшылар қаланың ірі сауда-ойын-сауық орталығына барды. Мұнда олар ересектер арасында интернет-алаяқтыққа қатысты сауалнама жүргізіп, қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат таратты. Тұрғындарға арнайы брошюралар ұсынып, алаяқтықтан сақтанудың тиімді тәсілдерін түсіндірді.

Осылайша, жас сақшылардың бір күні қоғам алдында жауапкершілік сезінумен, білім мен тәжірибе жинақтаумен және құқық қорғау саласының болашақ сенімді өкілдері ретінде қалыптасумен аяқталды.

Жас сақшы болу – болашақ полицей мамандығына алғашқы қадам жасаудың айқын жолы. Олардың күнделікті жұмысы жас ұрпақтың қоғам қауіпсіздігіне қосқан үлесінің жарқын дәлелі іспеттес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру