Жас жігіт дәмханаға ұрлыққа түскен
Қарағанды облысы Теміртау қаласының полицейлері дәмханаға ұрлыққа түскен жас жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 желтоқсанда Теміртау қаласының Ескіқалалық полиция бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны жүгінді.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу түнде терезе шынысын сындырып, оған тиесілі дәмханаға кірген. Ұры дәмхана ғимаратынан музыкалық микшерді, құралдар салынған қорапты, шананы ұрлап кеткен.
Келтірілген шығын 818 мың теңгені құрады. Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
11 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы жас жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.