"Жасөспірім" іс-шарасы: Атырауда үш күн ішінде 150-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді
"Жасөспірім" іс-шарасы: Атырауда үш күн ішінде 150-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында республикалық "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Аталған шараның алғашқы үш күні ішінде ішкі істер органдарына 116 жасөспірім жеткізіліп, 150-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталды. Атап айтқанда:
- Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі міндеттерді орындамаудың – 16 фактісі;
- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру бойынша – 6 дерек;
- Алкоголь өнімін өткізу талаптарын бұзу – 3 жағдай;
- Кәмелетке толмағандар тарапынан бұзақылық жасау – 9 факті;
- Жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне қатысты – 111 дерек тіркелді.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, оларды құқықтық сауаттылыққа баулу және тәртіпке шақыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.