Жасөспірім мопед жүргізушілері жауапқа тартылды
Железиндік полицейлер жасөспірім жүргізушілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудан орталығы көшелерін патрульдеу кезінде, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мопед жүргізушілері Железин ауданы Полиция бөлімінің жол патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.
Тоқтатып, тексеру барысында мототранспорт жүргізушілері жас балалар екендігі анықталды. Бұған қоса олар дулығасыз және сәйкес құжаттарсыз жүрген.
Тексеру кезінде балалар бар жоғы 11-12 жастағы жеткіншектер болып шықты. Ювеналдық және жол патрульдік полиция қызметкерлері балалармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізді.
Осы талап бұзушылық үшін балалардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабы (Жаяу жүргіншілер мен басқа да қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.