Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жасөспірім" ЖПІШ: Атырауда жастар арасында жүгіруден марафон өтті

Атырауда жастар арасында жүгіруден марафон өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Атырау көлік және коммунникация колледжінің ұйымдастыруымен "Жасөспірім" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында жүгіруден марафон өтті. Марафонға 40 спортшыдан құралған әртүрлі колледж студенттері қатысып, бақ сынады.

Шараның мақсаты – спорт арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі қылмысын болдырмау және нашақорлықтың алдын алу. Мықтылар бақ сынасқан марафонда үздіктердің қатарынан көрінген спортшылар алтын, күміс және қола жүлде иегерлері атанды. Жеңімпаздарға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

– Жастардың денсаулығы – еліміздің салауатты болашағының кепілі. Жүгіру сияқты спорт түрлері балалар мен жасөспірімдерге өз қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ жеңіске ұмтылу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі. Спортқа деген сүйіспеншілікті ояту – біздің басты міндетіміз, – деді полиция қызметкері Марьяна Джангалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру