Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жасөспірім» ЖПІШ: Түркістан облысында 470-ке жуық құқық бұзушылық анықталды

«Жасөспірім» ЖПІШ: Түркістан облысында 470-ке жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта үйден тыс болу фактілерінің жолын кесу мақсатында Түркістан облысының аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Жұмыс барысында тәртіп сақшылары көшелерді, ойын-сауық орындарын және жастардың басқа да шоғырланған жерлерін тексерді, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Іс-шараның 3 тәулігінің қорытындысы бойынша полицейлер 469 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Оның ішінде 19-ы ұсақ бұзақылық фактісі және түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған 423 кәмелетке толмаған анықталды.

Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 50 жасөспірім және қолайсыз 37 отбасы профилактикалық есепке алынды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге және жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ашық сабақтар мен кездесулер өткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру