Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспірімдердің қаржылық қауіпсіздігі – басты назарда

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері "Дарын" қосымша білім беру орталығында демалушы жасөспірімдермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың интернеттегі қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында полицейлер киберқауіптер, әсіресе қаржыға қатысты алаяқтық түрлері туралы кеңінен түсіндіріп, балаларға арналған танымдық ойындар ұйымдастырды. Қатысушылар интернеттегі күмәнді сілтемелер, жалған хабарламалар, әлеуметтік инженерия әдістері секілді тақырыптар бойынша практикалық мысалдармен танысты.

Ойын барысында белсенділік танытып, дұрыс жауап берген оқушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз интернет пайдалану дағдыларын қалыптастыруға және киберқылмыстардың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру