Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспірімдердің құқығын қорғап жүрген полиция қызметкерінің бір күні

Жезқазған полиция басқармасындағы жасөспірімдермен жұмыс істейтін инспектордың күнделікті қызметі жайлы Polisia.kz сайты ақпарат ұсынады.

Жезқазған қаласы полиция басқармасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектордың күні ерте басталады. Бұл қызметте нақты уақытпен шектелген жұмыс жоқ, себебі әрбір қоңырау мен әрбір хабарлама баланың тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін.

Полиция қызметкері Ақбаян Кәрім үшін күнделікті жұмыс – құқық бұзушылықты тіркеумен ғана шектелмейді. Оның басты міндеті – оның алдын алу. Сондықтан қызметтің басым бөлігі мектептер мен колледждерде өтеді. Мұнда ол оқушылармен кездесіп, заң талаптарын қарапайым тілмен түсіндіреді, олардың сұрақтарына ашық жауап береді.

Балалармен жұмыс істеуде сенім маңызды. Әрбір жасөспірімнің мінезі мен жағдайы әртүрлі болғандықтан, инспектор әрқайсысына жеке көзқарас танытады. Кей жағдайда жай ғана әңгіме, дер кезінде айтылған ескерту немесе қолдау сөзі жасөспірімді қате қадамнан сақтап қалуы мүмкін.

Күннің екінші жартысында ата-аналармен, педагогтармен және әлеуметтік қызмет өкілдерімен бірлескен жұмыстар жалғасады. Қиын жағдайға тап болған отбасыларға бару, есепте тұрған балалардың жағдайын бақылау – қызметтің ажырамас бөлігі.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектордың әр күні балалардың қауіпсіз болашағы үшін атқарылатын тынымсыз еңбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру