Жасөспірімге көмек көрсетілді
Қызылорда қаласының пробация қызметі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қайырымды жандардың көмегімен есепте тұрған кәмелетке толмаған сотталған жасөспірімге қайырымдылық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмаған жасөспірімге азық-түлік өнімдерімен бірге, киім- кешек те алып берілді.
– Пробация есебіндегі жасөспірімдермен жиі психологиялық тренингтер, сұхбаттар жүргізіп, рухани тәрбиелеп, бағыт- бағдар береміз. Қазіргі таңда пробация есебінде бес жасөспірім есепте тұр. Олардың жас шамалары да әртүрлі. Ерікті азаматтардың, қоғамдық қорлардың қолдауымен қайырымдылық көмекті жиі ұйымдастырамыз. Көбінесе азық-түлік пен киім-кешек әпереміз. Жаңа оқу жылы басталғанда оқу құралдарымен қамтамасыз еттік. Бүгін қайырымды жандардың қолдауымен қажетті азық-түлік пен киімдер алып келдік, – деді пробация қызметінің инспекторы Индира Даутбаева.
– Қателік жасап, сот үкімімен 2020 жылдың қазан айында пробация есебіне қойылдым. Ақмешіт колледжінің 2 курс студентімін. Пробация қызметкерлері, психологтар әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп жатыр. Мереке қарсаңында қол ұшын созып, қайырымдылық көмек көрсеткен пробация қызметкерлері мен жомарт жандарға алғысым шексіз, – деді есептегі жасөспірім.