Жасөспірімнің көлік басқаруы – ата-анаға жауапкершілік жүктейді
Жасөспірімнің көлік басқаруы – ата-анаға жауапкершілік жүктейді. Павлодар облысында полицейлер ата-аналарды балаларын бақауда ұстауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандар көлік құралдары мен мопедтерді жүргізуге құқығы жоқ болса да, жүргізетіні жиілеп кетті. Тек биылғы жылы Екібастұзда жасөспірім көлік жүргізгені үшін 60 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
Ата-аналар балаларына жүргізуші куәлігі жоқ болса да, көлік құралын сатып алып, оларды жол ережесін бұзуға әдейі итермелейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ адамға бергені үшін заңды өкілдер жауапкершілікке тартылады.
Мысалы, әлеуметтік желінің мониторингі барысында Екібастұз қаласында балалардың нөмірсіз мотоцикл мінгені жарияланымы анықталды. Тәртіп сақшылары тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінсіз көлікті жүргізген 15 жастағы кәмелетке толмағанды анықтады. Мотоцикл белгіленген тәртіпте тіркелмеген.
Полиция ата-аналарды балаларын көлік құралын жүргізуге жол бермеуге, көлік, мотоцикл немесе мопедтің рөліне отырмас бұрын, автомектепте оқудан өтіп, емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін алу керек екенін түсіндіруге шақырады. Әйтпесе, құқықсыз және тәжірибесіз көлік жүргізу қайғылы жағдайға айналуы мүмкін.