Жасөспірімнің күртешесін аулада ұрлап кеткен ер адам анықталды
Жасөспірімнің жеке заттарын қолды қылған ұрыны ұстап берген полиция инспекторына тұрғын алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімовтің атына өңірлік тұрғындар атынан күнсайын алғыс хаттар шексіз келіп түсіп жатады. Сондай алғысын жеткізген қала тұрғындарының бірі – Галина Темербаева.
Галина өз алғысын Орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Бибол Ерденге білдірді.
– 2020 жылғы 02 сәуірде менің ұлым Иса Байзақов-137 үйдің ауласында ойнап жүріп, ыстықтаған соң, үстіндегі күртешесін шешіп қойған. Алайда үйге қайтар кезде күртешесін ұрлап кеткенін байқаған. Күртешенің қалтасында ұялы телефон болған деді,- тұрғын Галина. Мен бірден біздің учаскелік инспекторымыз Ерден Баймұратұлына қоңырау шалып, болған жайды айттым. Полиция қызметкерінің жедел және кәсіби шеберлікпен іс-әрекет етуі арқасында ұлымның затын ұрлаған 1981 жылғы ер адам анықталып, ұсталды. Күртеше мен ұялы телефонды қайтарып берді. Мен біздің учаскелік инспекторымыз Ерден Баймұратұлына алғыс айта отырып, істеп жатқан қиындығы мол ісіне сәттілік, денсаулық тілеймін.
Полиция лейтенанты Ерден Бибол ішкі істер органдарында 2019 жылдың маусым айнан бастап қызметте.