“Жастар есірткіге қарсы”: Талдықорғанда веложарыс ұйымдастырылды
Талдықорғанда “Жастар есірткіге қарсы” ұранымен веложарыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп “Жастар есірткіге қарсы!” ұранымен веложарыс ұйымдастырды. Іс-шара жыл сайын 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды.
Жаппай веложарысқа 100-ден астам велосипедші қатысты. Олардың арасында атақты спортшылар, жас велосипедшілер, сондай-ақ екі дөңгелекті көлікті ұнататын қарапайым қала тұрғындары бар.
– Салауатты өмір салтын ұстауға шақырған велосипедшілер тобы Талдықорған қаласының көшелерімен (Орталық алаңнан “Жастар” саябағына дейін) жүріп өтті. Мұндай бұқаралық іс-шаралар халықтың назарын аударып, өңірде, әсіресе, жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға ықпал етуі мүмкін, – деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.