«Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен онлайн байқау өтті
Қызылордалық полицейлер онлайн режимде флешмоб байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД-ң Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі оқу орындары арасында «Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен онлайн режимінде флешмоб байқауы ұйымдастырылды.
Салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға баулу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға 27 оқу орны қатысты.
Сайыскерлер өздерінің биімен нашақорлыққа қарсы екендігін көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Байқау нәтижесімен Сырдария ауданының №131 орта мектебі 1-орынды иеленсе, Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласының №273 орта мектебі 2-орынға қол жеткізді. Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектеп 3-орынды иемденді.
Флешмобқа қатысқан барлық 27 оқу орнына сыйлықтар, дипломдар мен алғыс хаттар табыс етіледі.