Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жастар салауатты өмірді қолдайды: Ұлытау облысында ММА чемпионаты өтті

Ұлытау облысында ММА чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеншілер қаласында аралас жекпе-жектен (MMA) облыстық чемпионат өтті, оған 16-17 жастағы жүзден астам жас спортшы қатысты.

Сайыстың құрметті қонағы, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Оспанов болды. Өз сөзінде ол спорттың мықты мінез бен тәртіп қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті:Спорт – бұл тек физикалық белсенділік емес, бұл өмір салты. Сіздердің әрқайсыңыз өз құрдастарыңызға үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттайтынына сенімдімін”.

Спортшылар жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдар, кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік спортшылар облысты республикалық сайыстарда таныстыру мүмкіндігіне ие болды.

Турнирдің ұйымдастырушысы, облыстық MMA федерациясының жетекшісі Неймат Асадов полиция қызметкерлеріне жастар арасында есірткіге қарсы профилактика жүргізудегі белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді: “Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық бізге салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға бағытталған ауқымды іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді”.

Турнирдің қорытындысы бойынша жас спортшылар салауатты өмір салтын және белсенді азаматтық ұстанымды таңдағандарын бір ауыздан мәлімдеді. Олар болашақта да спорттық іс-шараларға қатысуға және замандастары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру