Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жастар және полиция: республикалық форумда киберқылмысқа қарсы күрес мәселесі талқыланды

ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы мен қаланың полиция департаментінің қолдауымен «Жастар және полиция: зорлық-зомбылық экстремизмі және басқа да заманауи қауіптердің алдын алу» тақырыбында республикалық форум өткізді. Үш күнге созылған шараға еліміздің әр аймағынан келген 500-ге жуық мектеп оқушылары мен студент жастар қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметіне қызыға қарап, қоғамның қауіпсіздігі үшін алаңдайтын білімді жастар – форум қатысушыларымен ішкі істер министрі кездесті. Ол жеткіншектермен киберқылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу, ведомствоның оқу орындарына оқуға түсу сынды түрлі тақырыпта сөз қозғады.

– Жарқын болашаққа үміттенген жастар қазіргі заманауи технологияларды қолдана отырып, киберқылмыстар мен интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылардың қалай алдын алу керектігі туралы өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Бүгінгі таңда ІІМ Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Осы форумның өзін соның куәсі деп толық айтуға болады, – деді Марат Ахметжанов.

Кездесу барысында қыздар мен жігіттер алғырлықтарын дәлелдеп, белсенділік танытып, министрге өз сауалдарын жолдады.

Жиын соңында Марат Ахметжанов Алматы академиясы ұйымдастырған  «Үздік IT-дарын», «Үздік із кесуші» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.

– Байқаудың бірінші-екінші туры онлайн өтті. Видео жасап, сұрақтарына жауап беріп, кейін осы Алматы қаласында өткен үшінші турына қатыстық. Алматы академиясына, барлық ұйымдастырушыларға рақмет айтамын, – деді ІІІ орын иеленген Ислам Серіковтың жетекшісі – Қарағанды облысы А.Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Гүлшат Абаева.

Сонымен қатар ІІМ басшысы академияның 1-ші факультетінде білім алушы офицерлермен кездесті. Айта кету керек, бұл факультетте ішкі істер органдарының басшы құрамы даярлаудан өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру