Жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Кубогын Абай облысының полицейлері жеңіп алды
Абай облысының полицейлері жауынгерлік самбо чемпиондары атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Байрақты додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ерлер мен әйелдер арасындағы үздік спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Бұл беделді жарыста Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері жауынгерлік самбодан жоғары нәтижелер көрсетіп, ерекше көзге түсті. Жекелей сында бірнеше салмақ дәрежесінде жүлдегер атанған полиция қызметкерлері жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, Қазақстан Кубогінің иегері атанды.
Жекелей сынның нәтижелері:
58 кг: полиция лейтенанты Айдар Аскаров – күміс жүлде;
79 кг: полиция кіші лейтенанты Айбек Құмарбек – қола жүлде;
79 кг: полиция аға лейтенанты Нұрасыл Увалиев – қола жүлде;
98 кг: полиция аға лейтенанты Жайдар Хасенов – алтын жүлде;
98 кг: полиция аға лейтенанты Мейір Кошкінбаев – күміс жүлде;
98+ кг: полиция аға лейтенанты Бекзат Қайдаров – қола жүлде;
98+ кг: полиция аға лейтенанты Дамир Секен – алтын жүлде.
Жалпы командалық есепте Абай облысы полиция департаментінің командасы жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Кубогін жеңіп алу арқылы өздерінің спорттағы жоғары деңгейін дәлелдеді.
Департамент басшылығы полиция қызметкерлерінің бұл жетістіктерін ерекше атап өтіп, алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғап, жаңа жеңістерге жететініне сенім білдірді.
Қазақстан Республикасының Кубогі – спорттық және жауынгерлік самбоны дамытуға зор үлес қосатын маңызды шаралардың бірі. Мұндай жарыстар спортшылардың шеберлігін шыңдап, жаңа биіктерді бағындыруға ынталандырады. Абай облысы полицейлерінің бұл жеңісі – олардың қажырлы еңбегі мен ерік-жігерінің жарқын көрінісі.