Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жаяу жүргінші" іс-шарасы: Алматы полициясы ата-аналарды балаларына үлгі болуға шақырады

"Жаяу жүргінші" іс-шарасы: Алматы полициясы ата-аналарды балаларына үлгі болуға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған "Жаяу жүргінші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Өкінішке қарай жаяу жүргіншілердің, соның ішінде балаларымен дұрыс емес жерден жолды кесіп өтетін ата-аналардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы, күрделі мәселелердің бірі болып қалып отыр.

- Әрбір ересек - жас ұрпаққа үлгі. Ата-аналар жүріп келе жатқан көліктердің алдынан жолды кесіп өтіп бара жатқанда, олар өздеріне және балаларына қауіп төндірумен қатар, баланың бойына тәртіп бұзуды әдетке айналдырады. Болашақта мұндай іс-әрекет қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Құрметті ата-аналар! Есіңізде болсын: сіздің балаңыз сізден үйренеді. Егер сіз әрқашан жолды жаяу жүргіншілер өткелінде және жасыл шамда өтсеңіз, балаңыз бұл дағдыны өмір бойы есінде ұстайды. Тәртіпті сақтау арқылы сіз өзіңіздің қауіпсіздігіңізді сақтап қана қоймай, балаңыздың бойына заңды және басқаларды құрметтеу мәдениетін қалыптастырасыз, - деді Медеу аудандық ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Арман Усаев.

Полиция жол қозғалысына қатысушылардың барлығын саналылық пен жауапкершілікке шақырады. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру