Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаза өтеу тәртіп шарттарын бұзған қызылордалықтар анықталды

Жаза өтеу тәртіп шарттарын бұзған қызылордалықтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөлімшелері мен пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың жаңадан құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында 2021 жылдың 17-22 мамыр аралығында Қызылорда облысы бойынша «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы өтуде.

«Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы аясында Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесімен Жаңақорған аудандық пробация қызметкерлерімен бірлескен тексерулер ұйымдастырылып, есепте тұрған 79 қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған адамдардың тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орындарына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде үш сотталғанға жаза өтеу тәртіптерін бұзғаны үшін «Ескерту» жазалау шарасы қолданылды, біреуіне бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін Жаңақорған аудандық сотына іс-құжаттары жолданды.

Аталған іс-шараның маңыздылығын басшылыққа алып, есепке алынған әрбір адамның мінез-құлқына бақылау жасалып, пробация қызметінің есебінен жалтарудың, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу, сонымен қатар барлық тексерілген азаматтарға тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізіліп, оларға өз құқықтары мен жауапкершіліктері толығымен түсіндірілді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру