Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазалы жасөспірімдер арасында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

Алматы қаласы ҚАЖ департаментінің №11 мекемесіндегі №3 жалпы білім беретін мектепте 1 қыркүйек – Білім күні салтанатты түрде аталып өтіп, жазалы оқушылар үшін күміс қоңырау соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біздің мектепте жалпы орта білімі жоқ сотталған балалар білім алады. 2024-2025 оқу жылына аталған мектепте мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын жеті сынып жабдықталып, оған 49 оқушы тартылды. Алматы қаласы білім басқармасы бекіткен оқу жоспарымен жұмыс жасайтын мектеп барлық оқу құралымен және оқулықтармен толық қамтамасыз етілген. Мектеп №11 мекеме аумағында орналасқандықтан оқу жоспары оның жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып жасалған, – дейді мектеп директорының орынбасары А.Алиева.

Білім күнінде оқушылар ұстаздық қызметіне 30 жыл толған ұстаз Людмила Алмазованы құттықтап, ұстаздарына деген ақ тілектерін жеткізді. Сотталған балалар іс-шара кезінде Ана мен Отан туралы өлеңдер оқып, өз өнерлерін де көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру