«Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік» рейді басталды
Қызылордалық полицейлер оқушылар мен ата-аналарға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік» атты алдын-алу рейдтік іс-шараларын өткізіп жатыр.
Мақсаты – жасөспірімдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жазғы демалыс уақытында балалардың жеке қауіпсіздігі, оның ішінде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ерекше назарында болуы қажет. Бұл орайда, полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамай, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Сонымен бірге, жазғы мезгілде жасөспірімдердің көптеп шоғырланатын Қалалық демалыс паркінде олардың кешкі серуендеуі кезінде қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қызметкерлер бөлініп, қызмет атқарады.
Жасөспірімдер және ата-аналар тәртіп сақшыларымен тілдесіп, өз сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Аймақта шектеу шаралары әлі де жалғасып жатыр.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшысы Бектөре Сұлтан тұрғындардың көп жиналатын орындарда санитариялық – дезинфекциялық режимді қатаң сақтау қажеттігін ескертті.