Атты полицейлер жағажайлар маңын бақылауға көшті
Ауа райының жылынуына байланысты Ақтөбе облысының атты полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, саяжайлар мен су жағажайлары аумағын бақылауды қолға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Су жағалары мен саяжайларды қоғамдық құқықбұзушылық, оның ішінде алкогольді ішімдіктерді ішкен адамдарға, шомылу маусымы басталған уақытта белгіленбеген жерлерде суға түскен адамдарға әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту жасалады.
– 27 мамыр күні атты полицейлермен жазғы маусымда саяжайлар мен су жағажайларында бақылау жүргізілу басталды. Бұл тексеру жұмыстары 10 атты полицейлер мен 20 полиция қызметкерлері және ТЖ департаментімен бірге жасалады. Бір күн ішінде атты полицейлермен 10 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Көбісі алкогольді ішімдіктерді ішкен үшін бес адам ұсталды. Арасында есірткі заттарын қолданған ер адам да болды. Бұл жұмыстар күшейтілген күйде қаладағы төрт жағажайдың барлығында жалғасын табады, – дейді полиция батальонының командирі Ермек Шуканов.
Атты полицейлермен 2019 жылы алкогольдік ішімдіктер ішу бойынша 25 хаттама, белгіленбеген жерлерде суға түскені үшін 80-ге жуық адамға әкімшілік хаттама толтырылған.