Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ЖБО камерасына 11 рет түскен: жол ережесін бұзған павлодарлық жауапқа тартылды

Жол ережесін бұзған павлодарлық азамат айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдамдықты арттыру – жолдағы күрделі мәселе. Қаншама ескертулер мен айыппұлдарға қарамастан, көптеген жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Павлодарда «Оракул» жүйелері, жол қозғалысы ережелерін бұзуды есепке алу функцияларын және «Автоураган» кешенінің техникалық құралдарын біріктіретін жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды жүйелері жұмыс істейді. Сонымен қатар «Кибер-шериф» аппараттық жүйелері қолданылады. Осы жылдың өзінде жылдамдықты бұзған 30 мыңға жуық жүргізуші жазаланды.

– Мысалы, Audi көлігінің жүргізушісі ЖБО камерасына 11 рет түсіп қалған. Тәртіп бұзушы жылдамдықты шектен асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді бұл жүргізуші 300 мың теңге айыппұл төлеуі керек, – деді Павлодар қаласы ПБ жедел басқару орталығының басшысы Ренат Шамгунов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру