Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Павлодар облысының аумағында 7-8 желтоқсан аралығында “Қысқы резина” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік жүргізу тәртібін нығайту, оның ішінде көлік құралдарын қысқы кезеңде пайдалануды бақылау мақсатында 7-8 желтоқсан аралығында Павлодар облысының аумағында “Қысқы резина”жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау бойынша жұмыстарды жандандырды, атап айтқанда олар маусымға сәйкес келмейтін шиналарды пайдалану, жарық аспаптары жоқ көлік құралдарын жүргізу, көлікті заңсыз қайта жабдықтау, қосымша жылыту көздерін, оның ішінде автобустардың салондарында, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелмеген жылыту көздерін орнату сияқты құқық бұзушылықтарды анықтайды.

Аталған құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда көлік құралын пайдалануға тыйым салу, тіпті айыппұл тұрағына орналастыруға дейін шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру